Домой Жаңалықтар Мәдениет Фариза Оңғарсынова тұрған үйдің қа­бырғасына мемориалдық тақ­та қойылды

Фариза Оңғарсынова тұрған үйдің қа­бырғасына мемориалдық тақ­та қойылды

Фариза Оңғарсынова тұрған үйдің қа­бырғасына мемориалдық тақ­та қойылды

Фариза Оңғарсынова тұрған үйдің қа­бырғасына мемориалдық тақ­та қойылдыҚазақтың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынова өмірінің соң­ғы жылдары тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақ­та қойылды.

Аста­наның бас көшелерінің біріне Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілгені белгілі. Сол көше бо­йын­дағы еңселі ғимаратта ақын 2009-2014 жылдары тұрған екен. Шарапатты шараның тізгінін ұстаған Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов келген қонақтардың келелі пікірлерін тыңдау үшін кезегімен сөз беріп тұрды.

Естелік тақтаның ашылу сал­танатына ел ағалары да ат­­ба­сын бұрғанын айта кетсек дей­міз. Олардың қатарында мем­лекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелди, Мәжіліс депутаты Оразкүл Асан­ғазы, сенатор Бірғаным Әйтімова, «Еге­мен Қазақстан» РГ» АҚ прези­денті Сауытбек Абдрахманов, С.Сейфуллин мұражайының директоры, белгілі ақын Несіпбек Айтұлы, айтулы жыр дүлдүлі Серік Тұрғынбекұлы мен Оңайгүл Тұржан бар.

Алаштың ақын қызына деген ізгі ілтипаттарын ағалары ағынан жарыла сөзбен жеткізсе, өлең өлкесінде өкшесін басқан іні-сіңлілері жырмен жолдады. Тақтаның лентасын қию құрметіне Әкім Тарази мен Өмірбек Байгелди ие болды.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here