Домой Жаңалықтар Спорт Месси 2015 жылдың үздік футболшысы деп танылды

Месси 2015 жылдың үздік футболшысы деп танылды

Месси 2015 жылдың үздік футболшысы деп танылды

Screenshot_2Испаниялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Еуропа футбол клубтары қауымдастығының (ЕСА) тұжырымы бойынша 2015 жылдың үздік футболшысы ретінде Globe Soccer Awards сыйлығына ие болды.

Марапатты тапсыру салтанаты жексенбі, 27 желтоқсанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті.

Месси «Ювентустың» қақпашысы Джанлуиджи Буффон мен «Реалдың» форварды Криштиану Роналдудың алдын орады. 2015 жылы аргентиналық спортшы Испания чемпионы, ел кубогы мен УЕФА суперкубогы, сонымен қатар Чемпиондар лигасы мен Клубтық әлем чемпионаты кубогтарын иеленіп, бес бірдей титулды қанжығасына байлады.

Үздік академия жүлдесін партугалдық «Бенефика» иеленді, жүлдені Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Фабио Капелло табыс етті.

Жыл төрешісі атағына өзбекстандық Равшан Ирматов лайық деп танылды. Үздік агент – Жорже Мендеш. Үздік клуб президенті атағы «Барселонаның» басшысы Хосеп Мария Бартомеуге бұйырды.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here