Алғашқы қоңырау енді 15 қыркүйекте соғылып, оқушылар тек 5 күн оқуы мүмкін. Ұлттық білім беру академиясы қазір осы жаңашылдықты толықтай зерттеп жатыр.
Мамандар білім жүйесіне өзгеріс енгізсе, онда шәкірттердің жазғы демалысы ұзарады. Сөйтіп алғашқы қоңырау әдеттегідей 1 қыркүйекте емес, 2 аптаға кешігіп соғылмақ. Қаперде болса, Білім және ғылым министрлігі 5 күндік оқу жүйесін осыған дейін де жоспарлаған еді. Алайда бұл тәртіп тек бірінші сынып оқушыларына қатысты болған.