Домой Жаңалықтар Мәдениет «Ханшайымда қонақта» атты балаларға арналған бірегей музыкалық спектакльдің тұсаукесері болады

«Ханшайымда қонақта» атты балаларға арналған бірегей музыкалық спектакльдің тұсаукесері болады

«Ханшайымда қонақта» атты балаларға арналған бірегей музыкалық спектакльдің тұсаукесері болады

«Ханшайымда қонақта» атты балаларға арналған бірегей музыкалық спектакльдің тұсаукесері болады«Астана Опера» театрында жас көрермендерге арналған «Ханшайымда қонақта» атты бірегей музыкалық спектаклінің тұсаукесері өтеді.

Көрермендеріне мерекелік көңіл-күй тартуға асық театрға Жаңа Жылмен бірге жаңа ертегілік спектакльдер келеді. Дәстүр бойынша мерекелік репертуар П. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» балетімен көркейеді. Сонымен қатар балаларға 4, 6, 8 қаңтарда болатын жаңа қойылым «Ханшайымда қонақта» атты ертегінің тұсаукесері қуантады.

Режиссер Наталья Кагадий жетекшілік ететін «Астана Опера» театрының Балалар студиясы әртістері ұсынған бұл ерекше қойылым Беларусь Республикасында өткен «Куршинале-2015» Халықаралық өнер олимпиадасының I дәрежелі дипломын жеңіп алған болатын.

Бұл қойылым Жаңа жыл түні тірілген ойыншықтар туралы болмақ.

Спектакльді білікті би мамандары балет нөмірлерін орындаумен көркейтеді. Ал көрермен сахнада болып жатқан қилы хикаяларға белсенді қатыстырылады. Ұйымдастырушылар әдемі костюмдер мен тамаша безендірілген сахна балаларға тамаша әсер қалдырады деген үмітте.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here