Домой Жаңалықтар Қоғам Ассамблея жылының қорытындысы жайлы баяндалды

Ассамблея жылының қорытындысы жайлы баяндалды

Ассамблея жылының қорытындысы жайлы баяндалды

140072def46686a86b760a4bc71d1f9bБүгін облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жиынында есеп берді.

Жиын барысында баяндама жасаған облыс әкімі А. Баталов Ассамблея жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын өткізуге қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының жұмысы туралы баяндады.

Өз баяндамасында аймақ басшысы Ассамблеяның мерейтойлық жылы шеңберінде өткізілген шаралардың нәтижесіне тоқталды. Олардың арасында «Ұлы Дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы, «20 игі іс» қайырымдылық акциясы, «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы, «Менің Қазақстаным» поезын күтіп алу және т.б. шаралар бар. А. Баталовтың айтуынша, Ассамблея жылында барлығы түрлі форматта және түрлі деңгейде бір жарым мыңға жуық іс-шара өткізілген. Олардың әрқайсысы қоғамның азаматтық-патриоттық, рухани-мәдени шоғырлануына, бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, жаңғырту мен дамытуға бағытталған.

— Біздің жетістіктеріміздің барлығы – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған бірлік саясатының нәтижесі. Президентіміз айтқандай, «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік – біздің туымыз». Сондықтан басты мақсатымыз да осы таңдаған жолымызбен алға жылжу болуы керек, өйткені біз «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының маңына, ортақ мақсатқа біріккен бір халықпыз. Қазақ халқында «Бақыттың кілті — бірлікте» деген жақсы нақыл бар. Осы нақылдың мәніне көпэтносты еліміздің берекелі де бақуатты тірлігі арқылы күнделікті көз жеткізіп келеміз, — деді өз баяндамасының қорытындысында А. Баталов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here