Домой Жаңалықтар Әлем Google 2015 жылдың қорытындысын жасады

Google 2015 жылдың қорытындысын жасады

Google 2015 жылдың қорытындысын жасады

cf8bcf3212dca984cf46c8a06b7dcd85Google 2015 жылдың қорытындысын жасай отырып, өтіп бара жатқан жылда ғаламтор қолданушыларын қандай жайттар көп қызықтырғанын анықтады.

Әлем жұртшылығының аузынан түспей жүрген тақырыптар қатарында табиғи апаттар, «Ирак пен Леванттың лаңкестік тобы», шоу-бизнес әлеміндегі айтулы оқиғалар бар. Осыған байланысты Google дәстүрлі түрде биылғы жылдың қорытындысын жасады.

Апаттар мен спорт жарыстары. Google-дың биылғы рейтингісінде дәл осы тақырыптар көш бастап тұр. Франция астанасындағы шабуылдар. «Ирак пен Леванттың лаңкестік тобы» деген кім? Олар неге Парижді таңдаған? Ғаламтор қолданушыларын толғандырған ең басты сұрақтар осы.

Өтіп бара жатқан жыл көрсетіп отырғандай, адамдар өзгенің тағдырына немқұрайлы қарай алмайды. Непалды дүр сілкіндірген алапат жер сілкінісінен кейін «жапа шеккендерге қалай көмек көрсетуге болады деген?» сұрақ Google-да ең жиі ізделген тақырыптардың біріне айналды. Непалдықтарға жәрдемдесіп, қайырымдылық жасауға дайын жандар аз болмай шықты.

Көйлек ақ және алтын түсті ме, әлде көк пен қара түсті ме? Дәл осы сауал әлем жұртшылығының пікірін екі жікке бөліп тастады. Бірнеше күнге созылған қызу талқылаулардан кейін екінші нұсқасын таңдағандар біріншісінен басым түсті. Соған қарамастан әлгі көйлек ақ және алтын түсті болды деген ғаламтор пайдаланушылары күні бүгінге дейін дес бермей келеді.

2015 жылы жезтаңдай әнші Адельдің «25» атты әнжинағы бір апта ішінде әлемдік чаттарда көш бастап, рекорд орнатты.

Ең көп ізделінген сауалдар қатарына сондай-ақ «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты, о дүниелік болған әртістермен қоштасу, регби және футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мен ханшайым ІІ Елизаветаның ең ұзақ билік етіп, рекорд орнатуы секілді тақырыптар кірген. «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» фильмі кино әлеміндегі ең басты трендке айналды. Ғаламторда оның трейлері 155 млн рет ізделсе керек.

Google YouTube-тағы ең танымал роликтердің үздік ондығын жария етті. Олардың арасында түрлі әзілдер мен әлеуметтік маңызы бар мәселелер де қамтылды. Солардың бірінде атақты әнші Джастин Бибердың тележүргізушімен көлікте отырып ән шырқауы да көпшілік таңданысын туғызды.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here