АҚШ ғалымдары 2045 жылға қарай бірегей технология құрастырып шығаруды жоспарлап отыр. Ол өлген адамды қайта тірілтуге мүмкіндік беретін болады.
Джоша Боканегра есімді зерттеуші Humai аталатын жаңа жоба жасап шығарды. Оның негізі жасанды интеллектен тұрады. Ғалымның пікірінше, жобаны жүзеге асыру үшін адам көз жұма салысымен миын мұздатып қою керек, яғни криогендік қалыпқа әкелу керек деп санайды. Сосын барып жасанды денеге мұздатылған миды салып, тірілтуге болады, дейді ғалым. Сондай-ақ адамды тірілту үшін ми оны мұздатып және еріту кезінде зақымданбау керек екені атап өтілді.
Мамандар жаңа технология ғаламшарда адамзат өлімін азайтуға мүмкіндік береді деп болжап отыр. Сондай-ақ олар қайта тірілген адам бұрынғы қалыпта өмір сүретінін айтты.