Домой Жаңалықтар Бала тәрбиесіндегі қателіктер

Бала тәрбиесіндегі қателіктер

Бала тәрбиесіндегі қателіктер

Бала тәрбиесіндегі 7 қателікКөшбасшы болудың қыр-сырын меңгерген, бірнеше психологиялық кітаптардың авторы Тим Элмордың зерттеулеріне сүйінсек, кейбір ата-аналар баласының өз-өзіне сенімсіз болып өсуіне итермелейді. Яғни оның қайсібір жетістікке жетуіне, өздері қаламаса да, еріксіз, тежеу болатын кері тәрбие береді. Дәлірек айтқанда, баласын тәрбиелеу барысында, мына бір қателіктерді жасайды екен.

Баланың тәуекелге баруына мүмкіндік бермейді

Біз қауіпке толы заманда өмір сүреміз. Сондықтан болар, баланың әр қадамына алаңдап, олардан көз жазып қалуға қорқып, барынша әлпештеуге тырысамыз. Еуропалық психологтардың пайымдауынша, егер бала далада ойнап, бірде-бір рет тізесін жаралап алмаса, есейгенде түрлі фобияларға жиі шалдығады.

Баланың құлауы — қалыпты жағдай. Ата-аналар осыны ескерсе екен. Егер бала тәуекелге бару мүмкіндігінен айырылса, оның бойында тәкаппарлық, мақтаншақтық пен өзін-өзі бағаламаушылық қасиеттер дамитын көрінеді.

Тез арада көмекке асығады

Бүгінгі заманның жастары 30 жыл бұрын өмір сүрген баланың бойындағы кейбір қасиеттерден жұрдай. Оған кінәлі, әрине, өзіміз. Баланы қанатымыздың астынан бір мезет шығарып, күнделікті өмірге шынықтыруға қорқамыз. Қамқорлығымызға алу арқылы оған өз бетінше қиындықты жеңуге мүмкіндік бермейміз. Осының барлығы — біздің екінші қателігіміз.

Ерте ме, кеш пе бала әлдебіреулердің оны келеңсіз жағдайлардан құтқаратынына әбден сеніп алады. «Егер мен қателесіп кетсем немесе мақсатыма жетпесем, ата-анам мәселені тез арада шешіп береді», бұл ой — шексіз қамқорлықтың зияны. Осы себепті балаңыз ересек өмірге дайын болмай шығады.

Жиі марапаттайды және шексіз еркелете береді

Кез келген адамның өмірінде жағымсыз жайттар кездесіп жатады. Бірақ ата-ананың шексіз еркелігін көріп өскен бала есейгенде сол қиыншылықтарды жеңе алмайды, дейді психолог. Сондықтан бала өз қалауы мен қажеттілігі үшін күресе алу керек. Яғни оның ата-анасы «жоқ», «болмайды», «қазір емес» деп айта білу керек.

Жас кезінде өзі жасаған қателігімен бөліспейді

Кез келген жасөспірім бір мезетте еркіндікті аңсап, ересектерше өмір сүруге талпынады. Сол кезде ата-ана оған «жақсы» мен «жаманға» қатысты бағыт-бағдар көрсете отырып, таңдау еркіндігін беруі керек. Ата-ана өзінің жас кезінде қандай таңдау жасап, қандай қателікке жол бергенін айта алу керек. Бірақ шылым шегу, ішімдік пен есірткі жайлы артық насихаттан аулақ болғаны жөн.

Интеллект пен дарындылықты есейгендікпен шатастырады

Кей жағдайда интеллект баланың есейгендігінің белгісі деп қабылданып жатады. Нәтижесінде ата-ана ақылды баласы ересек өмірге дайын деген ой түйеді. Бірақ шын мәнінде олай емес. Кейбір кәсіби спортшылар мен Голливудтың жарқын жұлдыздары зор дарынға ие болса да, дау-жанжалға түсіп қалып жатады. Балаңыз бар жағынан дарынды деп ойламаңыз.

Баладан талап ететін ережелерді өздері бұзады

Ата-ана — балаға үлгі. Сондықтан біз қоршаған ортада шынайы болуымыз керек. Іс-әрекеттерімізге абай болып, тіпті ең ұсақ нәрселерге де мән берген жөн. Өйткені бізді баламыз бақылайды.

Егер ата-ана ережелерді ұстанбайтын болса, сол қателікті баласы да жасайды. Балаға бар ынтамен біреуге көмектесу деген қандай, адал дос, қамқоршы әке, шынайы азамат деген кім екенін ата-ана өзін үлге ете отырып көрсете білу керек.

Және ең бастысы балаңызды өзгертуге тырыспаңыз. Өзіңізді өзгертіңіз, дамытыңыз. Қайткен күнде де бала Сізге ұқсап өседі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here