Шыңжаңдағы Моңғолкүре ауданы Қашажар қалашығындағы салт-сана, мәдениет үйінде қазақтың дәстүрлі киім-кешектерін жарнамалайтын көрме ашылды.
Көлемі 1 мың шаршы метрді құрайтын бұл мәдениет үйі бұрынғы ескі зауыт ғимараты екен. Басшылықтағы ұлт мәдениетіне жаны ашыр азаматтар оны бүтіндей қайта жөндеуден өткізіп, салт-дәстүр, мәдениетті жаңғыртатын, бірыңғай ұлттық құндылықтардың базасы ретінде қалыптастырған.
Бүгінгі күні жаңаша түске еніп, сәні мен салтанаты құп жарасқан мәдениет үйіне алыс-жуықтан келетін көрушілер, әсіресе Қытайдың ікші өлкесінен Шыңжаңға саяхаттай келуші қытайлар көптеп бас сұғып, қызыға тамашалауда. Соның ішінде ел көзін ерекше тартатын жәдігерлердің бірі дәстүрлі киім-кешек көрмесі болып тұр.