Норвегияның Тромс қаласында әлемдегі ең кішкентай кинотеатр ашылды.
Екі-ақ адамға арналған зал бұрынғы газет дүңгіршегінің аумағында орналасқан. Кинотеатр Норвегияның XXVI Халықаралық кинофестивалінің басталуына орай ашылған.
Кинотеатрда апта бойы күніне бір таспадан көруге болады. Екі билет құны 500 норвегиялық крон, яғни 20 мың теңге көлемінде тұрады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, залдың техникалық мінездемесі қалыпты кинотеатрлардан қалыспайды екен.