Бүгін «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қоры «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауының басталғанын жария етті.
Байқаудың басты мақсаты – қазақстандықтарды 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және бүкіл деңгейлік маслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру.
«Қаламгер Азамат» ҚҚ Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы «El.kz» әләуметтік жүйесі негізінде онлайн-форматында «Казконтент» АҚ – ның техникалық қолдауымен өтеді. Әр қалаған қатысушы байқауға өтінішін беріп, өз материалдарын жүктеуге мүмкіндігі бар. Желі қолданушылары ұнатқан жұмысқа дауыстарын бере алады. Ең көп дауыс жинаған постерлер, білікті және құзыретті қазылар алқасының төрелігіне тапсырылады.
Парламент Мәжілісі және бүкіл деңгейлік маслихаттар депутаттылығына үміткерлердің пайдасына үгіттеуге бағытталған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Іс-шара 12 ақпан мен 18 наурыз аралығында үш кезеңде өтетін болады:
— 2016 жылғы 12 ақпан мен 14 наурыз аралығы байқаулық жұмыстарын қабылдау кезеңі;
— 2016 жылғы 14-17 наурыз аралығы – қазылар алқасының байқаулық жұмыстарды қарастыру кезеңі;
— 18 наурыз – үміткерлер жұмыстарының қорытындысын жиынтықтау және марапаттау кезеңі.
Толық ақпаратқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізе аласыз: sailau2016.el.kz.