Осы жылдың 8 шілдесінде Мәскеудің Қызыл алаңынан жолға шығатын «Жібек жолы» раллиінің керуені Гиннес редкордтар ктабына енуі мүмкін.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Жібек жолы» жобасының атқарушы директоры Сергей Гиря мәлімдеді.
«Жібек жолы: Мәскеу – Астана – Пекин» раллиі бағытының жалпы қашықтығы 10 500 шақырымды құрайды. Бұл көпшілікке танымал «Париж — Дакар» раллиінен асып түседі. Ал спортшыларымыз болса, аталған қашықтықты 16 күн ішінде басып өтуі тиіс. Сондықтан да қысқа уақыт аралығында осындай ұзақ қашықтықтағы раллидің толық құрамда жасақталып, ұйымдастырылуы тұрғысынан Гиннес рекордтар кітабынан енуі мүмкін. Бұл жерде ерекше атап өтерлігі сол, жарыс барысын әуеден бақылау қызметі де қамтамасыз етіледі. Ол 16 ұшақ және тікұшақтың көмегімен жүзеге асырылады» деді С. Гиря.
Айта кетейік, халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын раллиге әлемнің 35 елінен 1000-ға жуық спортшылар қатысады едп күтілуде. Биылғы жылғы ерекшелік «Жібек жолы» раллиі трансқұрлықтық негізде өткізілмек.