Қазақстан табиғи уран экспорттаудан көш бастады. Еліміз 2015 жылдың қорытындысы бойынша 23800 тонна уран өндірген.
Бұдан бөлек, еліміз АҚШ пен Франция нарығына ең ірі уран тасымалдаушы тізімінде. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы хабарлады. Компания 2015 жылы ЕVА көрсеткішін 15,4 млрд теңгеге жақсартқан. Бүгінгі таңда компания өндірісін арттырып, қуат көзін үнемдеу арқылы өндірістің өзіндік құнын 16,4 млрд теңге қысқартыпты.
Фото: kursiv.kz