Алматы облысында мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының индустрияландыру картасы аясында құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын 51 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 7 мың 550 адам жұмыспен қамтылды.
Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде айтылды.
Жобалар қатарында өткен жылы іске қосылған Іле ауданындағы алюминий профильдерін шығаратын «Aluminium of Kazakhstan» зауыты мен «Абди Ибрахим Глобалфарм» фармацевтикалық зауыты бар.