Домой Жаңалықтар Қоғам Мектепте оқу бағдарламасы өзгертілмек

Мектепте оқу бағдарламасы өзгертілмек

Мектепте оқу бағдарламасы өзгертілмек
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Алдағы уақытта Қазақстанның білім жүйесі халықаралық стандарттарға сай болады. Бұл туралы Елбасының қатысуымен өткен Алматы қаласын дамыту мәселелерін жөніндегі жиын барысында жаңадан тағайындалған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл жаңашылдық алдымен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне енгізіледі. Екінші кезекте техникалық мамандықты игеретіндер міндетті түрде ағылшын тілін меңгеретін болады. Ал, үшінші бағыт бойынша мектептегі білім бағдарламасы жоғары оқу орнына түсуге дайын болатындай өзгертілмек.

«Өздеріңіз білесіздер, оқу орындарында 3 тілді бірдей меңгеру керек. Қазақ тілі — бұл мемлекеттік тіл болғандықтан, оны барлығы білуі тиіс. Орыс тілін де білу маңызды. Ал, ағылшын тілі бүкіл әлеммен қарым-қатынаста болып, араласуға мүмкіндік береді. Өйткені ол- технология мен инновацияның тілі. Сондықтан одан үйренеріміз көп»,- деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент осылайша үш тілді меңгеру жүйесі жемісті жүзеге асып жатқандығын айтты. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның тәжірибесіне зер салып, керек тұстарын алған жөн деген пікірде. Әрі кәсіби маман болу үшін тек диплом ғана емес, тілдерді игеру маңызды дейді Елбасы.

almaty.tv

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here