Америкалық танымал актриса Анджелина Джолидің өмірден түйгені:
Меніңше, әрбір жасөспірім өзінше бір қаһарман. Жас күнімізде көп қайғы шегеміз. Сабаққа соғысқа аттанғандай түңіліп барамыз. Адамдар үнемі сатып кетеді. Кейде мықты болып қалу сондай қиын. Бірақ сен мықты болуың керек!
Ессіз махаббат тез өтіп кетеді, ал екі ессіздің махаббаты – ешқашан!
Біздің ойымыздағы «бәрі қалай болуы тиіс» деген бекер талап қолда бардың ғажабын сезінуден алыстатады.
Өз жолыңа түскенде адамдар сен адастың дей бастайды.
Мен шексіз романтикпін. Жігітім менің өмірлік көзқарастарымды бөлісуі өте қажет. Ол маған қазіргі кезімнен де мейірімді болуға көмектесуі керек. Махаббат осыған жетелеуі тиіс.
Менің анам мені шексіз махаббатпен өсірді. Мүмкін жас күнімде мінезім нашар болған шығар. Бірақ мен шын жақсы көруді сезініп өстім.
Кейде ойлап кетем, күйеуімнің кереметтігі сондай, не үшін ол маған бұйырды екен деп? Оған лайық па екенмін? Білмеймін. Егер мен оны бақытты еткенім шын болса, әрдайым оны бақытты етуге дайынмын.
Ешқашан өкінбеймін. Мен қателіксіз адам емеспін. Егер былайғы жұрт менің қателігімді біліп жатса, онда тұрған ештеңе жоқ.
Егер басқа адам сені жақсы көрсе, сен сол адамды бақытты ете алсаң, онда өмірдегі ең сұлу адам өзің бола бастайсың!
Аударған Шынар Әбілдә