Домой Жаңалықтар Қоғам Өндірістік жылыжайлар салынуда

Өндірістік жылыжайлар салынуда

Өндірістік жылыжайлар салынуда

Өндірістік жылыжайлар салынудаБүгінгі таңда Алматы облысында сыйымдылығы 80-нен 5000 тоннаға дейінгі 4 жеміс-көкөніс сақтау қоймасының және жалпы ауданы 17,4 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік жылыжайдың құрылысы жүргізілуде.

Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2015 жылғы қорытындысы және 2016 жылға арналған жоспарларына арналған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде белгілі болды.

Өңір басшысының айтуынша, саусымаралық кезеңде көкөніс өндіру жылына 40 мың тоннаға дейін ұлғайту нәтижесінде сырттан жеткізілетін өнімдерге деген тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мәлім болғанындай, жетісулықтар жылына 330,4 мың тонна көкөніс, 48,6 мың тонна алма тұтынады. Өңір басшысының айтуынша, ендігі мақсат – өнімді қайта өңдеу көлемін арттыру. Өңірдің жеміс-көкөніс өндірудегі төрттен бір бөлігі Еңбекшіқазақ ауданының өнім өндірушілеріне тиесілі. Сол себепті осы аталған аудан жоспарланған межені орындауда ерекше үлес қосуы тиіс.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here