Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында exit-poll сауалнамасы жүргізіледі. Бұл туралы бүгін тілшілерге «Демократия институты» директоры Юлия Кучинская мәлімдеді.
Сауалнама республика бойынша 550 сайлау учаскесінде ұйымдастырылады. Олардың әрқайсысында институттың екі сенімді өкілінен жұмыс істейтін болады. Сауалнама барысында дауыс беріп шыққан азаматтардан кімге таңдау жасағаны сұралады. Әрине, кімге дауыс бергенін айтуы-айтпауы сайлаушының өз еркінде.
Юлия Кучинская, «Демократия институты» директоры:
— Біздің сауалнамашылар учаскеде жұмыс істегенде олардың әрекетін бақылап отырамыз. Әрқайсысының нұсқаулығы бар. Респондентті қалай таңдауы тиіс, қандай уақытта келуі керек, қайда келуі керек және қалай сұрауы керек деген сияқты. Олар шынайы жауап алуға тырысулары қажет.