Домой Жаңалықтар Мәдениет «72 сағатта үйлену» фильмі бір аптада 10 млн қаржы тапты

«72 сағатта үйлену» фильмі бір аптада 10 млн қаржы тапты

«72 сағатта үйлену» фильмі бір аптада 10 млн қаржы тапты

«72 сағатта үйлену» фильмінің кассалық жинағы бір аптада 10 млн теңгені құрады.

Алайда, фильм продюсері Жанбек Мәдиев кинотеатрлардың құрған кестесіне көңілі толмайтынын айтты. Продюсерге сенсек, қазақ тілінде түсірілген фильмнің ресми тілге аударылған нұсқасы ыңғайлы уақытқа қойылса, картинаның түпнұсқасын көргісі келген көрермен түннің бір уағына дейін күтуге мәжбүр көрінеді.

«72 сағатта үйлену» фильмі бір аптада 10 млн қаржы тапты

— Мәселен, фильмнің орыс тіліндегі нұсқасы негізінен кешкі, яғни ел-жұрт жұмыстан шыққан соң, барып көруге ыңғайлы уақытта көрсетіледі, ал қазақ тіліндегі нұсқасы күндізгі немесе түнгі, тым кеш уақытқа қойылған. Көрермендердің көбісі фильмді түпнұсқасында көргісі келетіндерін айтып, шағым жасап жатыр, — дейді фильм продюсері Жанбек Мәдиев.

Сонымен қатар, көрермен кинотеатр кестесін көретін сайттарға да өкпелі. Мәселен, киномандар көп кіретін kino.kz сайтында тек орыс тілді нұсқаның ғана кестесі көрсетілген.

Айта кету керек, фильмнің жалпы бюджеті 55 млн теңге. Авторлар, «егер түпнұсқасы кешкі ыңғайлы уақытқа қойылғанда картина өз шығынын он күн ішінде өтер еді», деген пікірде.

«72 сағатта үйлену» фильмінің тұсаукесері 11-ақпанда өткен болатын.

businessnews.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here