Қазақстанда зомби апокалипсиске арналған «Өліктермен Selfie» («Selfie с мертвецами») кинотуындысы түсірілді.
Жобамен режиссер, продюсер, актер Ермек Шахметтің («Анаша», «Бекзат») «OmniArs» кинокомпаниясы түсірді. Фильмге Ермек Шахметтің өзі продюсер және актер ретінде қатысты.
Сюжетте сәтсіз эксперименттің нәтижесінде елге таралған вирустың салдары көрсетіледі. Масалар генетикалық тәжірибелер жасалатын зертханада вирусы бар қанды сорып, оның таралуына себепші болады. Қатерлі дерттің құрбаны болған ұлын құтқармақ болған әкеның басынан өткен оқиғалары баяндалады.
Отандық хоррорды Дәулет Әуелбеков есімді дебютант- режиссер түсірген. Фильмнің Қазақстандағы премьерасы 2016 жылғы 14 сәуірге жоспарланған.
«OmniArs» компаниясы келешекті «Шанс на счастье» драмасын, «Самая лучшая свадьба на земле» романтикалық комедиясын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.