Домой Жаңалықтар Мәдениет «Зәуре» – қазақстандық күлбике туралы телехикая

«Зәуре» – қазақстандық күлбике туралы телехикая

«Зәуре» – қазақстандық күлбике туралы телехикая

Screenshot_4«Хабар» агенттігі сериалдар өндірісінің отандық нарығының дамуына өз үлесін қосуды жалғастыруда. «Хабар» телеарнасы әзірлеп жатқан көктемгі тұсаукесердің бірі жаңа «Зәуре» отандық сериалы болмақ. Әйгілі күлбике туралы ертегі телехикаяның желісімен ұштасады. Қатаң өгей шешесінің ұзақ жылдар бойы көрсетіп келген қысымынан кейін ғажайып түрде өзінің сүйіктісін тапқан қыздың оқиғасы бүгінгі өмірдің шындығын ескере отырып бейімделген.

Телехикая нұсқасында ауылда туып-өскен Зәуре есімді жас қыз туралы баяндалады. Анасы қайтыс болғаннан кейін қыз оларды көп жылдар бұрын тастап кеткен әкесінің бар екендігі жайлы біледі. Оның шақыруы бойынша Зәуре әкесінің үйіне көшіп келеді, бұған өгей шешесі мен оның қызы өш болады, ал ұлы керісінше қуанышпен қарсы алады.

Оқиға желісінің өрбуімен көрермендер Зәуренің өзіне сенімсіз қыздан жетістікке жеткен құрметті дизайнерге айналу құбылыстарын бақылай алады. Белгілі ертегінің қазақстандық нұсқасының кейіпкерін «Одни из нас», «Нархоз» және «Он и Она» сияқты жобаларға қатысқан белгілі Динара Бақтыбаева ойнайды. «Он и Она» фильміндегі рөлі арқасында Динара жұртшылыққа кеңінен танылған. Оның айтуынша: «Бұл барлық қиыншылықтардан ханзада құтқаратын күлбикенің оқиғасы емес. Біздің оқиғада менің кейіпкерім бәріне өз күшімен, жігерлігімен, талантымен қол жеткізеді».

Сондай-ақ телехикаяда Нұрлан Төреханов, Венера Нигматулина, Айнұр Ниязова, Жандос Айбасов, Артур Төлепов, Камалия Байтөлеуова және басқалары ойнайды.

Өгей шешенің ұлы Аленнің рөлі театр және кино актері Чингиз Капинге бұйырды: «Бұл сериалда біздің өмірді, күнделікті әдеттерімізді, біздің ықылас-тілектерді көрсететін өте қарапайым жағдайлар бар. Сериал көптеген қазақстандықтардан қолдау табатындығына сенемін. Барлық түсірілім командасы эфирден бірде-бір серияны жібермей көретіндігін айтты, бұның өзі көп нәрсені білдіреді».

Сценарийдің авторы – Асқар Ұзабаев, ол «Сұрбойдақ», «Осторожно, корова!», «Тракторшының махаббаты», «Коктейль для звезды», «ВУЗеры» және т.б. сияқты жобаларды өмірге әкелген. Ал режиссердің орнын «Махаббатым жүрегімде 2» сериалының түсірген Ернар Нұрғалиев иеленді.

Шығармашылық топ сюжетті жақсы әзілмен байытуға және актерлердің ойынын шытырман оқиғалар әрі сериядан серияға өткен сайын қызықты болатындай етіп жасауға сөз береді. Сценарий барлық жастағы топтардың қызығушылықтарын ескере отырып жазылған, соған орай сериалды отбасымен бірге көруге болады.

Мелодраматикалық туынды құру идеясы «Хабар» агенттігіне тиесілі, жобаны іске асыруға «567 Creative Laboratory» продакшн-компаниясының тобы кірісті. Түсірілімдер Алматы және Талғар (Алматы облысы) қалаларында жүргізілді.

Сериал 20 ақпаннан бастап көрсетіледі және әр сенбі және жексенбі сайын сағат 17.00-де эфирге шығатын болады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here