Павлодарда қаңтар айынан бастап осымен екінші үшем дүниеге келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы агенттікке Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова мәлім етті.
Әрқайсының салмағы бір келі 600 келіден тұратын үш бала дүниеге келді. Балалаh мен анасының денсаулығы жақсы. Нәрестелер әзірге жансақтау бөлімінде. Себебі балалар мерзімнен бұрын туған. Дегенмен, бұл — қалыпты жағдай, — дейді А. Оспанова.