2016 жылдың 3 наурызында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» іскерлік орталығы, 2-қабатта Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ өткізетін бос орындар жәрмеңкесінде 2000 аса жұмыс орны ұсынылады.
Шараға 25-тен аса елордалық жұмыс беруші қатыспақ. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыз азаматтардың ішінен елордалық кәсіпорындар мен ұйымдарға қажетті кадрлар таңдау.
«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде оқу орындарының түлектері жастар практикасынан өтуге, халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалар әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері туралы кеңес береді.