Зәйтүн майы ерте кезден бері өзінің пайдалы қасиеттерімен белгілі. Халықта «Сүйік алтын» деген атпен танымал май, ежелгі заманнан бастап медицинада, дене, шаш күтімінде, ас даярлауда және күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып келе жатыр.
Зерттеуші мамандардың айтуынша, зәйтүн майының химиялық құрамы ерекше. Онда адам ағзасына ең керекті витаминдер, қышқылдар, микроэлементтер жинақталған. Ол өсімдік майларының арасындағы қоректік нәрі ең қуаттысы болып табылады. Құрамындағы A, B, C, D, E, F, K витаминдері тотығу арқылы адам ағзасына қауіп төндіретін еркін радикалдармен күреседі. Сондай-ақ бойдағы сүйек пен бұлшық етті қатайтып, асқазан, ішек жұмысын жақсартады. Басқа майларға қарағанда зәйтүн майында көп кездесетін линолей қышқылы денедегі холестеринді азайтады, жаралардың тез жазылуын қамтамасыз етіп, көздің өткірлігін күшейтеді. Өз кезегінде фенолдар иммунитетті көтеріп, кәрілікті баяулатады.
Зәйтүн майы ағзаға жағымды әсер беретіндіктен әрі денедегі майларды ыдырататындықтан мамандар оны диеталық өнімдер қатарына жатқызады.
Зәйтүн майын тұрақты түрде пайдалану асқорыту жүйесін қалыпқа түсіріп, холестерин дәрежесін төмендетіп, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады. Зәйтүннің тағы да бір тамаша қасиеті қатерлі ісік ауруына душар болу қаупін сейілтетіндігінде және мұның бәрі де ғылыми түрде дәлелденген.
Диабет ауруын емдеудегі зәйтүн майының ерекшелігін айтпай кетуге болмайды. Соңғы зерттеулер бұл майдың диабетті қадағалап тұра алатындығын көрсетті. Сондай-ақ, күн сайын аш қарынға қабылданатын 1 қасық зәйтүн майы, иммунитетіңізді күшейтуге, артық салмақтан арылуға және ас қорыту мәселелерін шешуге көмектеседі.
Мысалы, зәйтүн майын қырынуға арналған кремнің орнына қолдануға болады. Елестетіп көріңіз: үйреншікті жағдай — сізге шұғыл түрде депиляция жасау керек, алайда, қырынуға арналған крем қас қылғандай тауысылып қалды. Алайда, үйіңізде зәйтүн майы болса уайымдауға еш себеп жоқ. Ол теріңізді қырып қана қоймай, сондай-ақ ісініп қызарудан сақтайды және ылғалдандырады.
Ал егер сіз жаз бойы күнге әдейі күйіп, бірақ сонда да, әдемі және бір қалыпты реңкке қол жеткізе алмасаңыз, денеңізге зәйтүн майын жағып көріңіз. Ол теріңізді нәрлендіріп, әдемі алтын түстес реңк сыйлайды. Дегенмен, күнге күйіп қалмау үшін, әр 10 минут сайын суға түсіп тұруды ұмытпаңыз.
Сонымен қатар, зәйтүн майын шаш күтімінде де пайдалануға болады. Шашыңыз құрғақ болса, ал бас теріңіз қабықтанса, зәйтүн майын қолданып, шашқа арналған шипалы кондиционер дайындауға болады. Ол үшін, жарты кесе ысытылған майды шашыңызға жағып, басыңызға арнайы телпек тағып, оның үстіне сүлгі орап, сол күйде 45 минут отыру қажет. Уақыт өткен соң, шашыңызды сабын сумен жақсылап жуу керек. Бұл әдіс шашыңыздың әдемілігін қайтару үшін өте тиімді.
Теріңізді жазатайым күйдіріп алсаңыз, зәйтүн майы, күйік жерінің тез жазылуына көмектеседі. Майдың құрамындағы А, Е және D дәрумендері тері жасушаларының қалпына келуіне ықпал етеді. Оның үстіне, зәйтүн майы, микробтардың жараға енуіне бөгет жасайды.
Сондай-ақ, күн сайын, аш қарынға қабылданатын 1 қасық зәйтүн майы, иммунитетіңізді күшейтуге, артық салмақтан арылуға және ас қорыту мәселелерін шешуге көмектеседі.