Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК жыл сайын кәсіпкерлерді қолдап, ақысыз негізде кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізуге қатысты сұрақтарға түсініктемелер беру мақсатында оқыту семинарларын өткізеді.
Осы жылы «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу» аймақтық (салалық) оқыту семинарында келесі тақырыптар қаралады. 1. ISO 14001:2015 (ISO DIS-2014) «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша басшылыққа алу». Экологиялық менеджмент жүйелерінің процестері. ISO 9001:2015 ұқсас PDCA цикліне сәйкес эксологиялық менеджмент жүйелерінің құрылымын көрсету. 2. ISO 22004:2014 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. ISO 22000 қолдану бойынша басшылыққа алу». Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджмент жүйелеріне талаптарды түсіндіру. Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі. Аталған семинар 15 наурыз күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғимаратында (Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5 үй, 2-қабат, 250 ауд. «конференцзал» орталық кіріс) өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалына, 8 7252 39-39-14 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.