Елімізде жаңа футбол маусымы басталды. Өткен сенбі, жексенбі күндері 25-ші ел біріншілігі өз шымылдығын түрді.
Алғашқы турдың ойындарына 16 500 көрермен жиналды. Орташа көрсеткіш – 2750 адам. Халық ең көп жиналған матч Павлодардағы «Ертіс» пен «Оқжетпес» кездесуі болды.
Бірінші турда өткен жылғы чемпион «Астана» өз алаңында Қарағандының «Шахтерді» жеңсе, күміс жүлдегер «Қайрат» Таразда жергілікті командаға есе жіберді.
Сондай-ақ «Ордабасы», «Ертіс», «Тобыл» командалары алғашқы үш ұпайларына қол жеткізді. «Жетісу» мен «Атырау» Талдықорғанда тең түсті. Биылғы біріншіліктің алғашқы голын «Атырау» ойыншысы Ұлан Қонысбаев соқты.
«Жетісу» – «Атырау» – 1:1
Голдар: Қонысбаев, 19 (0:1). Тұрысбек, 60 (1:1).
«Тараз» – «Қайрат» – 2:1
Голдар: Зенькович, 65 (1:0). Данилюк, 86 (2:0). Ли, 88 (2:1).
«Астана» – «Шахтёр» – 2:1
Голдар: Уббинк, 8 (0:1). Деспотович, 47 (1:1). Нөсербаев, 62 (2:1).
«Ордабасы» – «Ақтөбе» – 3:1
Голдар: Нұрғалиев, 34–пенальтиден (1:0). Юнузович, 45 (2:0). Нұрғалиев, 53 (3:0). Давлатов, 67 (3:1).
«Ертіс» – «Оқжетпес» – 1:0
Гол: Малый, 41 (1:0).
«Тобыл» – «Ақжайық» – 1:0
Гол: Дудченко, 69 (1:0).