Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қордай ауданының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы айтты, деп хабарлады zhambylnews.kz.
«Aurum Deutchland AG» (Аурум Дойчланд АГ) ЖШС-мен 45 млрд. теңгені құрайтын тау-кен комбинатының құрылысы және құрамында алтын бар кенді игеру жобасының іске асыру мерзімі 2014-2021 жылдар, өндіріс қуаттылығы жыл сайын 1500 кг алтын өндіру. Іске қосылу кезінде 800 тұрақты жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі кезде 19 қондырғы әкелініп, бетон негіздерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құрылысы кезінде 50 жұмыс орны, ал іске асыру кезінде 13 тұрақты жұмыс орын ашылады. Сонымен қатар, Қарасай ауылдық округінде «Қырғау» алтын өндіру кенінде орналасқан «Алатау Қордай» ЖШС-мен 280 млн. теңгені құрайтын 75% алтын-күміс концентратын шығару бойынша кіші зауыт құрылысы жоспарлануда, іске қосылу мерзімі 2015-2018 жылдар. Іске қосылу кезінде 15 тұрақты жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда», — деді Қ.Досаев.