Көктемде Astana Bike автоматтандырылған велопрокат жүйесін іске қосуға дайындық жұмыстары басталады. Қазіргі кезде қала бойынша станцияларды тазалау, веложабдықтарды дайындау – жұмыс жағдайын тексеру, жалпы диагностикалау, велосипедтерді жөндеу және құрастыру, жүйенің бағдарламалық қамсыздандырылуын тексеру – координаттарды салыстыру және велостанцияларда сигналдардың өтуін диагностикалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Биылғы маусымда қала тұрғындары мен қонақтарына жалпы ұзындығы 85 км құрайтын 45 көшеде велосипед паркі 1000 бірліктен тұратын 150 велостанция қызмет көрсетеді.
Пайдаланушылар қажетті ақпаратты, соның ішінде қазіргі кезде белсенді және белсенді емес станциялар туралы прокат сайтынан біле алады. Сонымен қатар, онлайн-төлем жүйесі де жұмыс істейді, қосымша Android және IOS негізінде әзірленген және велопрокат жүйесін уақытша пайдалану қызметі қолжетімді.
Еске салайық, ауа райына байланысты 2015 жылы велосипед тебу маусымы 15 сәуірде басталған болатын. Биыл да оның ашылуы ауа райының қолайлылығына байланысты болады.
Astana Bike автоматтандырылған велопрокат жүйесі 2014 жылғы 7 шілдеде іске қосылған. Аталған жоба әлеуметтік маңызды болып табылады және ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған. Astana Bike жүйесін енгізудің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары экологиялық көлікпен жүре алады, осылайша қоршаған орта жағдайы жақсара түседі.