Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті халқымыздың төл мерекесі Наурыз мейрамына орай «Қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастырады.
Наурыз айының 18-жұлдызына жоспарланып отырған жәрмеңке барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары мен жамағаты әзірлеген тағамдар төмен бағада сатылатын болады.
Қасиетті жұма күні кешкі сағат 17.00-ге дейін жалғасатын жәрмеңкеден түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады.
Айта кетейік, бұндай қайырымдылық жәрмеңкесі «Әзірет Сұлтан» мешітінде былтырғы жылы да ұйымдастырылған болатын. Қыркүйек айында өткен қасиетті Құрбан айт мейрамына орай ұйымдастырылған ол жәрмеңкеден түскен қаржы Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығындағы науқас сәбилерге жұмсалған еді.