ҚР Ұлттық музейінде Наурыз мерекесіне орай еліміздің маңдайалды ғалымдарының басын қосқан «Наурыз—жыл басы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге ф.ғ.д профессор Ғарифолла Есім, ҚР Ұлыттық музейінің директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, т.ғ.д профессор Жәкен Таймағамбетов, т.ғ.д доцент Зубайда Сұрағанова, Қазмедиа орталығының қызметкері, мәдениеттанушы, ғалым – зерттеуші Серік Ерғали секілді ғалымдар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстел барысында Наурыз мерекесінің маңызы, құндылығы және тарихы жөнінде әңгіме өрбіді. Сан ғасырлық тарихы бар ұлттық мерекемізді жастарға насихаттаудың жолдары ұсынылды. Одан өзге ұлттық ойының қасиеті мен тағамдардың адамға берер пайдасы жөнінде баяндамалар жасалды.
Наурыз мерекесіне орай өткізілген бұл шара жыл сайын дәстүрге айналып, келесі жылы конференция түрінде өтпек.