Кеше Елордамыздағы орын тепкен Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде көктемнің шуақты күнімен құлпырған арулар арасында «Шабыт аруы-2016» байқауы өтті.
Байқауға жалпы саны оншақты ару қатысып өз бақтарын сынады. Үш кезеңнен тұрған сайыста арулар аянып қалған жоқ.
Бар өнерлерін ортаға салған арулардың арасынан сайыс қорытындысы бойынша Қанаш Бибінұр «Шабыт аруы 2016» атанып, сонымен қатар «Сүйкімді ару» номинациясын жеңіп алды.
Жүлделі екінші орынды Юсупова Карина қанжығасына байлады. Өнерімен тамсандырға Досова Әсем «Өнерлі ару» атанса, жиналған көпшіліктің көңілінен шыққан Токаева Айлин «Көрермен көзайымы» болды.
Қатысушылардың барлығына бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары табысталды. Университет басшылығының қолдауымен өткен сайыс, жыл сайын жалғасын таппақ.