Домой Жаңалықтар Қоғам Алматыда «Уақытпен сұхбат» көрмесінің тұсаукесері өтеді

Алматыда «Уақытпен сұхбат» көрмесінің тұсаукесері өтеді

Алматыда «Уақытпен сұхбат» көрмесінің тұсаукесері өтеді

Алматыда «Уақытпен сұхбат» көрмесінің тұсаукесері өтедіБүгін Алматыда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Раушан Базарбаеваның «Уақытпен сұхбат» көрмесінің тұсаукесері өтеді.

Базарбаева Раушан – сәндік-қолданбалы өнер суретшісі. Ол жеке өзі сегіз көрме өткізіп, көптеген халықаралық және аймақтық көрмелерге қатысты. Көрмеде суретшінің 60-тан астам жұмысы қойылды. Олардың арасында гобелен де, киіз паннолар да, жібекке түсірілген өрнек те, ши де, графикалық жұмыстар да бар. Раушан үшін шығармашылық – өз дүниетанымын көрсетіп, өз шығармалары арқылы маңызды әрі қадірлі бір нәрсе жайлы айтқысы келетін жерде өз ойын жеткізсем деген табиғи қажеттіліктен туған дүние.

Раушанның шығармашылығында туындыларын ерекше философиялық ойлар мен поэтикалық көңіл-күйге толтыратын лирикалық тақырып басым. Олар форманың, түстің, идеялық және композициялық мән-мағынаның жарасымдылығымен ерекше. Сұлулық – суретшінің шығармашылығындағы басты өлшем. Оның жұмыстарының желісі бейнелі әрі ауыспалы. Олар көрерменнің бойында ойлануға және өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуге итермелеп, түрлі ұқсатулар мен естеліктерді оятатын сұхбат құрғандай.
Базарбаева Раушан діни символдарға, тарих пе мифологияға мойын бұрады. Суретшінің көрсетуі бойынша уақыт та еріп бара жатқандай, біз де күнделікті тұрмыстан өтіп кетіп, аңыздар мен мифтердің ерекше әлемінде жүргендейміз. Көптеген сюжеттердің басты кейіпкерлері – маңғаз да сымбатты, әсем де алып, бірақ әрдайым жоғарыға ұмтылған ағаштар болып келеді.

«Уақыт өзені» гобеленін (2003) суретшінің белгі туындысы деуге болады. Философиялық ой тастайтын жұмыс. Суретші уақытша және мәңгілік, өтпелілік және тұрақтылық категорияларын нақты көрсеткен. «Әрбір адамның өмірдің ағыны мен қарбаласында жасырын жатқан мәңгілік әрі қадірлі нәрсесін сақтап өтуге тиіс өз уақыт өзені болады» дейді Раушан.

Раушан Еркінқызы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында 25 жылдан астам уақыт бойы сабақ беріп келеді. Қазір профессор, кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының меңгерушісі. Еңбегі еленіп, «Мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «2013 жылдың үздік оқытушысы» атақтары берілді.

Р.Е. Базарбаева республикамыздың қазіргі өнерінің дамуына зор үлес қосып, мағыналы маңыз берген суретші. Оның шығармалары Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының, ҚР Орталық Мемлекуеттік мұражайының қорында, Қазақстан, АҚШ, Англия, Германия, Франция, Ресей, Мысыр, Жапон елдерінің жеке коллекцияларында сақтаулы. Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясы – «Ақ Орда» көркем фотоальбомына кірді.

Көрме 24 наурыздан 11 сәуірге дейін жалғасады.

Baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here