Иранның солтүстік жазирасында 1067-1093 жылдары тұрғызылған Харракан мавзолейі қабырғасындағы ою-өрнектер ғалымдардың заманауи материал жасап шығаруына үлгі болды.
Ислам қөлөнерінің ықлапымен әзірленген жаңа инновациялық материал бір-бірімен шаршы тектес бөлшектермен байланысқан геометриялық субқұрылымды бейнелейді. Ал оны тарқатқан кезде материал тығыздығы төмендеп, көлемі ұлғая түседі.
Иран мавзолейіндегі бұл ислами нақыштар ғалымдарға үлкен ой салды: бір-бірінен параллель немесе доғатәріздес арақашықтықта бөлінген әртүрлі геометриялық формалардан құралған қайталанбалы суреттерді созуға болады әрі фигуралар аралығы теңдей сақталады. Айта кетейік, ғалымдар қолданысқа енгізгелі отырған бұл тәсіл медициналық құрылғылар мен спутниктерге пайдаланылмақ.