Наурыз мейрамы қарсаңында Моңғолия Президенті бірқатар азаматтарға мемлекеттік атақ, орден, медальдар табыстаған.
Олардың қатарында бодибилдингтен әлем чемпионы Нұрлан Жүнісұлы да «Еңбек сіңірген спортшы» құрметті атағымен марапатталған, деп хабарлайды KAZNEWS сайты.
– Бодибилдинг спорты бойынша алғашқы еңбек сіңірген спортшы атандыңыз. Құттықтаймыз!
– Рахмет. Моңғолия бодибилдинг спорты тарихында алғашқы еңбек сіңірген спортшы атағымен марапатталғаныма өте қуаныштымын. Моңғолияның төрт дүркін чемпионы атандым. Бұл спорттан алғаш рет әлем чемпионы деген атақпен елге оралдым. Көптеген еңбек сіңірген спортшылар бұл спорттан туып шығуына тілектеспін. Барлық спортшыларға тек ғана жеңіс тілеймін.
Сөз соңында барша қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!