Домой Жаңалықтар Қоғам Мейрамханаларға тағам құнарлылығын көрсету міндеттелетін болады

Мейрамханаларға тағам құнарлылығын көрсету міндеттелетін болады

Мейрамханаларға тағам құнарлылығын көрсету міндеттелетін болады

Мейрамханаларға тағам құнарлылығын көрсету міндеттелетін боладыАлдағы уақыттарда еліміздің мейрамханаларында тағам құнарлылығын көрсету міндетті болады. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысы барысында мәлім болды. Еске салайық, палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдаған болатын.

Құжатты талқылау барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы дамыған мемлекеттердің көпшілігіндегі ерекшеліктерге назар аударды. «Олардың тамақтану орындарында, мейрамханалар мен кафелерде тамақтың ас мәзірі тұсында әр тағамның қанша калориядан тұратыны жазылады: қанша ақуыз, қанша крахмал бар екені, тіпті қанша тұз қосылғаны да жазылады. 2016 жылдан бастап Еуропалық Одақ мемлекеттерінің бәрі осы стандарттарға көшіп жатыр. Шындығында бұл біздің азаматтарымыздың дұрыс тамақтануына жағдай туғызатын фактілердің бірі. Қазақстанда тамақтандыру орындары да көп. Ендеше, тұтынушылардың тамақтану саласындағы таңдау құқығы қалай қамтылады?» — деді сенатор М. Бақтиярұлы.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бұл норма Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің стандартына сай келетінін атап өтті. «Қазақстан ЭЫДҰ-ға енуді жоспарлайды. Бірақ, біз ондай норманы осы заңға енгізген жоқпыз. Дегенмен, бұл нормаларды қарастырып жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ас мәзірінде қандай ингредиенттер болуы керектігін талқылап жатырмыз. Биылғы жылдың соңына дейін осы бағыттағы өзгерістерді әзірлейміз. Сондықтан, ондай нормамен келесі жылы Парламентке келетін боламыз», — деді министр Е. Досаев.

Baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here