Егер Сіз бойыңыздан әлсіздікті сезінсеңіз, дәрігермен кеңесіп, оның себебін біліп алғаныңыз жөн. Дәрігерлердің кеңесімен ғана «Витрум», «Пиковит», «Дуовит», «Мультивитамин» секілді дәрумендерді ішіп тұрған пайдалы.
Жалпы, барлық адамдарда әлсіздік пайда болатын кездер көп. Және сол кезде қажетті шараны уақытында қолданған жөн. Себебі әлсіздіктің жүрекке күш түсіретіні айдан анық.
Енді мына жаттығулармен өзіңізге қандай дәруменнің жетіспейтінін байқап көріңіз.
1. Екі алақаныңызды жоғары қаратып созыңыз. Сосын екі қолыңыздағы төрт саусақтың екі буынын бір мезгілде жұмып, саусақ ұштарын алақаныңызға тигізіңіз. Саусақтар мен алақан арасындағы буынды бүкпеңіз. Егер осы жаттығуды ойдағыдай жасай алмасаңыз, сізде В6 дәрумені тапшы.
2. Егер кез келген жеріңізді соғып, көгертіп алып, ол көпке дейін қалыпқа келмесе, сізде С дәрумені жетіспейді.
3. Басыңыз айналып, құлағыңыз шуылдай ма? Бұл В6 және Е дәрумендерінің, марганец пен калийдің жетіспеушілігінен пайда болады.
4. Көзіңіз қызарса, қараңғы жерге бірден үйренісе алмасаңыз, А және В 2 дәрумені жетіспейді.
5. Егер В12, В6, Р және селен жетіспесе, баста қайызғақ көбейіп кетеді.
6. Шашыңыздың түсі солғын, ұштанғыш болса, В9, С витаминдері жетіспейді.
7. Ұйқысыздықтың себебі – В тобы дәрумендерінің, калийдің, кальцийдің жетіспеушілігінен.
Қандай жағдай болғанда да ауруды емдегеннен алдын алған тиімді екенін мамандар талай мәрте айтып келеді. Әлсіздік – сырқаттың басы.