Алматы қаласында Иран киносының апталығы басталды. Шара аясында көрермендер назарына Иранның сегіз үздік фильмі ұсынылады.
Ашылу салтанаты кеше, 28 наурызда режиссер Мұхаммед Бозоргнианың «Теңіздегі жібек жол» фильмімен басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Иран кино апталығы» аясында Асқар Фархадидің 2012 жылы «Оскар» сыйлығын алған «Надер мен Симиннің ажырасуы», Иран кинематографиясы тарихындағы үлкен қаражат жұмсалған «Сүлеймен пайғамбардың әлемі», Сейд Реза Каримидің «Бір түйір қант» сонымен қатар, «Бұл жақтағы менсіз күй», «Сау саламат болыңыз», «Қырықтың қырқасында» және Амир Хушанг Данаидің Қазақстан мен Иран арасындағы алғашқы бірлескен кинотуынды «Ешнәрсе ешқашан жайдан жай болмайды» атты фильмі көрсетіледі.
Жүз жылдан астам тарихы бар Иран кинематографиясында жыл сайын жүзден аса фильм, деректі фильм және бақа да туындылар түсіріліп, және олардың ішінен іріктелген фильмдер халықаралық конкурстар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындар алып жатады.