Таяу уақытта Белорус астанасы Минск қаласында жаңа орталық мешіт ашылады. Он жыл бойына құрылысы жүрген мешіт маусым айында ел игілігіне берілмек.
Белорус Мұсылмандары бірлестігінің басшысы, ел мүфтиі Әбу Бәкір Шабановичтің айтуынша, жуықта мешіттің ішкі әрлеу, көркемдеу жұмыстары аяқталып, қажетті заттар орналастырылады, сондай-ақ қосымша бөлмелер ислам музейі және кітапханасына арналмақ. Бұдан бөлек, мешіт ғимаратында конференц-залы, қонақ бөлмелері мен жуыну орындары қамтылады.