2016 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысы бойынша 3046 нәрестенің тууы тіркелген, олардың арасында 1629 ер бала, 1417 қыз бала дүние есігін ашқан.
Қазақ ер балалардың есімдері — Дінмұхаммед, нұрмұхаммед, Иманғали. Қыздарды Айлин, Әмина, Сезім деп жиі қояды. Балалардың «ретроесімдері» Владислав, Всеволод, Ростислав, Варвара, Василиса қазіргі таңда қайта жаңғыртуда. Осы мерзімде 1055 жұп некелерін қиды. Некеге тұрған ер адамдардың орташа жасы 31 жас, әйел адамдардың орташа жасы — 28 болса, ең жасы ер адамдардың ішінде — 18 жастағылар, әйелдер — 15 жас, ұлғайған жаста некелерін қиюшылар – 75 жастағы ер адамдар және 70 жастағы әйел адамдар болды, деп хабарлайды Ақмола облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі.