2016 жылдың 8-12 сәуір аралығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жастар Жалыны – 2016» атты шығармашыл жастардың ауқымды фестивалі өтеді. Дәстүрлі іс-шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналады.
Фестиваль аясында жастардың өнерлері, белсенділіктері, білім технологиялары және өзге де бағыттары бойынша 10 номинациядан тұратын байқаулар ұйымдастырылады.
Шараға елорданың барлық жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары қатысады деп жоспарлануда.
Мақсат – жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды анықтау және тәуелсіздік тағылымын таныта отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.
Фестивальдің қорытынды гала-концерті 13 сәуір күні астаналық Конгресс-Холл концерт-залында өтеді.