Астанада 22 сәуірде ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы ашылады, алғашқы шаралар «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Елорда тұрғындары күн сайын сағат таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өнімдерді қалалық базарлардағы бағалардан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкеде негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда Ақмола мен Қарағанды облыстарынан әкелінген көкөніс, жеміс, ет, сонымен қоса қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.
Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізеді. Ауыл шаруашылық жәрмеңкелері елордада күздің соңына дейін жалғасады.