Лондон университетінің мамандары шаштың ағаруына әкелетін генді тапты.
Ғалымдар Оңтүстік Американың 6 мыңнан аса тұрғынының ДНҚ-сын зерттеп көрді. Бұл құрлықта түрлі нәсілдің өкілдері тұратындықтан, олардың генетикалық құрылымы да сан алуан. Зерттеу нәтижесінде шаштың түсі, қалыңдығы мен түзулігі үшін жауапты IRF4 гені екені анықталды.
Бұл геннің екі түрі бар екен. Біреуі бүкіл әлем тұрғындарында таралған болса, екінші түрі тек еуропалықтарға тән. Сол екінші түрі шашты екі есе жиі ағартады деп топшылаған ғалымдар «болашақта бұл генді өшіруге болады», — дейді. Бірақ ол үшін әлі талай зерттеу жүргізіп, оның пайдасы мен зиян әсерлерін бағалау қажет. Ал қарапайым халық бұл жаңалыққа әртүрлі баға беріп жатыр.