Минималды жинақталыммен (16 гигабайт) бір iPhone SE смартфонын шығару құны материалдар мен жинау құнын есепке алғанда 160 долларды құрайды. Бұл бағаны IHS сараптама жасайтын компаниясы келтірді, деп мәлімдеді Росбалт.
Компания жаңа iPhone-ды толық құрастырған соң смартфонның құнын анықтады.
Сонымен, сарапшылардың есебінше, 16 гигабайтпен бір iPhone жасау үшін компоненттер құны 156,2 долларды құрайды. Дайындауға шығыстарды ескере отырып, өндіріс құны 160 долларға дейін ұлғаяды. Атап айтқанда, смартфонда орнатылған процессор құны 22 доллар. Дисплей бағасы не бары 20 доллар тұрады.
IHS зерттеуі логистика, жарнама және өзге де шығыстарды қамтымайды.
Ал, АҚШ-та iPhone SE смартфонының бөлшек саудадағы құны $399 құрайды.
IHS сарапшыларының бағалануынша, Apple жады 64 гигабай әр iPhone SE смартфонын сатудан $89 пайда табады. Бұл үлгінің құны $499 екенін есепке алсақ, оны шығару құны $170 құрайды.