Домой Жаңалықтар Қоғам Астанада 100 теңгелік үш паркинг салынады

Астанада 100 теңгелік үш паркинг салынады

Астанада 100 теңгелік үш паркинг салынады

Астанада 100 теңгелік үш паркинг салынадыАстана қаласының әкімдігі үш жабық паркинг салуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік, яғни шағын және орта бизнеспен бірлесіп тұрғызылатын жабық автотұрақтардың бағасы күндіз 100 теңге болса, түнде 600 теңгені құрайтын болады, деп хабарлайды Baq.kz.

Айта кеткен жөн, паркинтердің үшеуі де Есілдің сол жағалауында салынады. Оның біріншісі Қабанбай батыр, 32/1 мекен жайы (көлік және коммуникациялар министрлігі алдында) бойында тұрғызылса, екіншісі Орынбор, 8 (жоғарғы соттың жанында), ал үшінші паркинг Достық көшесі бойымен орналасқан Мәскеу бизнес орталығы маңайында салынады.

Аталған жобалар концессия негізінде салынатын болады. Ондайда жергілікті билік қажетті инженерлік желілерді тартып, жерді, сондай-ақ болашақ нысанды ұзақ мерзімге коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат береді. Бизнес болса, қаржыны құйып, құрылыс нысанын тұрғызады. «Ол ақшаның 10 пайызы концессионердің өз қаржысы болуы шарт. Қалған 90 пайызын заем ретінде тартуға болады», — дейді «Астана Innovations» АҚ мемлекеттік-жеке мешік серіктестікті дамыту басқармасының бастығым Әлия Бикеева. Бүгінде аталған үш нысанға конкурс жарияланып отыр. Құрылыс мерзімі – 2017-2018 жылдар.

Жоспарға сәйкес, Қабанбай батыр бойындағы паркингтің жалпы құны — 2,2 млрд. теңге. Ол жерде 568 орын болады. Орынбордағы автотұрақ – 1,9 млрд. теңге, 472 орын. Ал Достықтағы паркинг 1,3 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Ол 300 орынға есептелген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here