2017 жылы елордада жаңадан бес балабақша ашылады. Бұл туралы Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Astana Innovations» АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева мəлім етті.
«№29 жəне №36 көшелерінің қиылысында ашылатын балабақшаның инвестициялық құны — 1 млн 536 мың теңге; Хусейн бен Талал көшесі мен №36 көшенің қиылысындағы балабақшаның құны — 1 млн 419 мың теңге; №200 жəне №321 көшелердің қиылысындағы балабақшаның құны — 1 млн 093 мың теңге, Е51, Е54, Е77, Е79 көшелерінің қиылысындағы балабақшаның инвестициялық бағасы — 1 млн 279 мың теңге, Алматы көшесіндегі — 1 млн 092 мың теңге», — деп мəлім етті Ə.Бикеева.
Бұл балабақшалар 1 440 бүлдіршінді мектепалды біліммен қамтиды.