Домой Жаңалықтар Қоғам Қазақстанда заң жобаларын ашық талқылауға арналған портал жұмысын бастады

Қазақстанда заң жобаларын ашық талқылауға арналған портал жұмысын бастады

Қазақстанда заң жобаларын ашық талқылауға арналған портал жұмысын бастады

Қазақстанда заң жобаларын ашық талқылауға арналған портал жұмысын бастады«100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының 94-ші қадамы мен Қазақстанның ашық үкіметін дамыту бағдарламаларының аясында «Ашық нормативті құқықтық актілер (НҚА)»legalacts.egov.kz порталында ашық талқылауға арналған заң жобалары жарияланған.

Қазіргі таңда азаматтар «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жарнама туралы» ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Стандарттау туралы» заң жобалары бойынша өз ой-пікірлерін білдіре алады», деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз-қызметі.

Бұған қоса, 10 сәуірге дейін порталда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнінде, сондай-ақ кедендік реттеу туралы» кодекс жобасы тұжырымдамасы қоғамдық талқылауға ұсынылады.

«Ашық НҚА» порталы — азаматтарға қоғамдық бастамаларды, нормативті құқықтық актілерді және мемлекеттік органдар шешімдерін қарастыру үрдісіне қатысуын қамтамасыз етеді. Дәлірек айтқанда, мүдделі орган бекітпес бұрын әзірлеуші органдар жобаларды қоғамдық талқылауға  порталға орналастырады. Талқылау нәтижелері де  сол порталда жарияланады.

Бұған дейін, мемлекеттік қызметтер талқылауы электрондық үкімет аясында eGov порталында өткен болса, қазіргі таңда, «Ақпаратқа қолжетімділік» заңының қабылдануы арқасында барлық заң жобаларының тұжырымдамалары, НҚА жобалары мен мемлекеттік қызметтің стандарттары міндетті түрде «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here