Ұлыбританияда «Титаникте» жазылған және кеменің бірінші және соңғы саяхатқа аттануға бірнеше сағат қалғанда жіберілген алғашқы хат аукционға қойылмақ.
Хатты 1912 жылы 10 сәуірде Пол Дэнби сол кезде Манчестерде тұрып жатқан әйелі Роузге жазған. Бұл күні «Титаник» Саутгемптоннан Нью-Йоркке аттанды, ал хат авторы әйелінің ағасын, ұлыбританиялық парфюмер Адольф Заальфельдті шығарып салған, деп жазды informing.ru.
«Қымбаттым Голль (Голль -Пол Дэнби әйелін осылай атаған, ред.)», — деп жазды Дэнби. — «Біз бұл кемеден хат жазып жатқан алғашқылардың біріміз».
Сондай-ақ Пол өз хатында ағасының каютасын сипаттап, оның кең, қонақ үйдегі номер сияқты екенін, ыңғайлы диван мен электр желдеткіші бар екенін жазды.
Атап өтейік, хат «Титаниктің» фирмалық бланкінде неміс тілінде жазылған. Ол әзірге 21 мың долларға бағаланып отыр.