Алтел жəне Beeline операторлары Қазақстанның электронды үкіметімен бірге бұндай sim-карталарды əуел бастан шығарып келеді. Жəне 200 мыңға жуық sim-карта сатып үлгерген.
«Біз соңғы екі жылдан бері электронды үкіметті дамыту аясында мобильді үкіметті енгізіп, жұмысын жетілдіріп келеміз. Қазір Android, iOS, Windows Phone платформаларында электронды үкіметтің мобильді нұсқасы қолжетімді. Мобильді үкімет аясында 80-ге жуық қызмет түрін пайдалануға болады. Мобильді үкімет арқылы 2,5 млн рет қызмет көрсетілген. Сондай-ақ мобильді үкіметті дамыту аясында интернетті үнемі пайдаланбайтын халықтың сұранысын көңілге ала отырып, бірнеше қызмет түрін sms арқылы пайдалануға мүмкіндік жасадық. Енді, бұл жерде, Электронды үкіметтің қызметін пайдалану үшін бəрі бір электронды қолтаңба керек қой. Сондықтан, мобильді оператор арқылы sim-картаға электронды қолтаңба жазып беретін мүмкіндік пайда болды»,-деп хабарлады ол.
«Ұлттық ақпараттық технолориялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов мəлім еткендей, қазір Алтел жəне Beeline операторлары электронды қолтаңба жазылған sim-карталар шығарды. Бұл электронды sim-карталарды Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан сатып алуға болады. Осылайша, қолыңызда интернет болмаса, электронды қолтаңба жазылған sim-картамен мобильді үкіметтің қызметін оңай пайдалана аласыз. Осы уақытқа дейін 200 мыңға жуық осындай sim-карта сатылған екен.
«Бұл сан күннен күнге артып келеді. Себебі, басқа да операторлар, атап айтсам, Kcell жəне Тele-2 операторлары осы жылы мобильді қолтаңба бере бастайды. Қазір техникалық жобаларды пысықтап, олардың келісімдерін қарастырып жатырмыз»,-деп хабарлады ол.