Домой Жаңалықтар Мәдениет «Жастар жалыны-2016» фестиваліне 1000 астам студент қатысты

«Жастар жалыны-2016» фестиваліне 1000 астам студент қатысты

«Жастар жалыны-2016» фестиваліне 1000 астам студент қатысты

«Жастар жалыны-2016» фестиваліне 1000 астам студент қатыстыКонгресс-холлда «Жастар жалыны-2016» жастар фестивалінің гала-концерті өтті. Бірнеше күн бойы елордалық ЖОО-лар мен колледждердің 1000 астам студенті он номинация бойынша жарысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Бұл жолы фестиваль ерекше салтанатты форматта өтіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жастар шығармашылығын шыңдауға, олардың бойында патриоттық сезім оятуға бағытталған. Гала-концерт кезінде жеңімпаздарға марапаттарды танымал өнер және мәдениет қайраткерлері табыстады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің өкілдері «Үздік волонтерлық жоба», «Квест» номинацияларында, сондай-ақ, эстрадалық ән мен музыкалық аспаптарда ойнау конкурстарында топ жарды. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің студенттері халық және қазіргі заманғы би конкурсында, «Что? Где? Когда?» ойынында және «Үздік жанкүйерлер» номинациясында үздік атанды. «Авторлық оқу» санатында Қаржы академиясының қатысушылары жеңіске жетті. «Тұран-Астана» университетінің командасы үздік студенттік клуб атанды, ал «Астана» медицина университетінің студенттері креативті бейнеролик түсірген.

«Что? Где? Когда?» ойынында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті құрамасының капитаны Бибарыс Әміржановтың айтуынша, ойын тартысты өтті. Қойылған сұрақтар өте қиын болды. Қатысушылардың барлығы ақылды, дарынды.

— Біз жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын. Көп дайындалып, «21-ші ғасыр көшбасшысы» тоқсандық ойындарын, «Что? Где? Когда?» ойындарын көрдік. Университетте зияткерлік ойындар, соның ішінде «Брейн-ринг» өткізетін клуб та бар, осылайша, жарысқа дайындалдық. Бұл өте қызықты фестиваль, оның басты мақсаты – елордамыздағы барлық студенттердің басын қосу болып табылады, — деп өз ойымен бөлісті.

«Квест» номинациясында – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері көш бастады. Олардың айтуынша, конкурсанттар байқауға жақсы дайындалған.

— Жыл сайын шараға қатысып, жаңа достар табамыз. Мұнда әртүрлі университеттердің өкілдері бар, жылдан жылға қарым-қатынасымыз нығая түседі. Биыл «Квест» номинациясында алғаш рет өнер көрсеттік. Өте жақсы болды. Мен Астанада үш жылдан бері тұрамын. Көптеген жаңа орындармен таныстым. Қазақ хандығынан бастап бәрін қайталадық, тіпті, Морзе әліппесін де жаттадық, көпірлермен жүріп, код жинадық, қызық болды, — дейді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Зинұр Кинисов.

Шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Димаш Құдайберген, ағайынды Жүгінісовтер және т.б. қатысушылар мен көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here