Жасыңыз 25-тен асып, жүзіңізде әжім іздері пайда бола бастады. «Қартайып барамын» деп күніге өзіңізді жазғырып жүрсіз. Сыртқы келбетіңізге біреу сын айтса, дереу әжіміңіз есіңізге түсіп мазаңызды ала бастайды.
Мұндайда не істеу керек? Осы тақырып төңірегінде біз мынадай пайдалы кеңес береді:
1. Сымбатты көрінемін десеңіз, жан дүниеңіз көреалмаушылық қасиетінен таза болсын.
2. Жаныңыз тыныш болып, дұрыс ұйықтап, тұрақты түрде тамақтанып жүрсеңіз, жас көрінетін боласыз.
3. Әрдайым өзіңізді сабырлы ұстап, сүйікті ісіңізбен айналысудан ләззат алыңыз.
4. Барлық нәрселерге сүйсінсеңіз, бойыңызға энергия жинайсыз.
5. Таңертең тұрғанда бір стақан таза су ішуді ұмытпағаныңыз жөн. Ескеретін жайт, қайнаған болмауы керек.
6. Көзіңіздің асты ісіп тұрса, қарапайым шай самасы көмектеседі.
7. Бетіңізді сұйық крем-сабынмен жуғаныңыз абзал. Косметологтар сабынның өзін пайдалануға болмайтынын ескертеді.
8. Жүзіңізді тазалағанда алдында жағылған косметиканың ізі мүлдем қалмағаны жөн.
9. Теріңіздің сипатына қарай ылғалдандыратын крем пайдаланыңыз.
Сіздерге мынандай екі масканың рецептін ұсынамыз.
Жұмыртқаның сарысы, бал және зәйтүн майын араластырып жетісіне бір рет қолдансаңыз, жүзіңіздің әрленіп қалғанына көз жеткізесіз. Ерінбесеңіз, күніне екі рет жасасаңыз болады.
Сондай-ақ, екі ас қасық күріш, бір ас қасық кілегейді араластырып, бетіңізге жақсаңыз, сәбидің балғын терісіне ұқсап шыға келеді.